Лондонның 24 жастағы тұрғыны Эмма Халс өзіне жұмыс берушінің жұмысқа орналасқаннан кейін бес минуттан соң көзге түсер сұлулығы үшін қызметінен босатып жібергенін айтады.
Ұлыбританиялық қызды UNIT TV компаниясы фринлансер-қызметкер етіп жұмысқа алған. Алайда жұмысына енді кіріскен қызды бес минуттан соң оның басшысы қызға "сенің орның бұл жер емес, подиумда, үйіңе қайт", - деп шығарып салған, - деп хабарлайды Daily Mail.
Эмманың айтуынша ол сол күні жұмысқа қарапайым шалбар мен жейде киіп келген және ешқандайда ашық-шашық емес. Бұрындары оның жұмыс берушілермен киімге байланысты қиындықтары болмаған.
Компания басшысы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қыздың үш айлық сынақ мерзімінен өтпеген. Оның айтуынша, Халстың жұмысында кемшіліктер өте көп.
[removed][removed]