Кезекті ақырзаман 29 шілде күніне белгіленген. Осы теорияны растау үшін дәлелдері келтірілген видео YouTube желісінде хитке айналды. Ол қазірдің өзінде үш миллион рет қаралып, көптеген пікірлер жазылған.

Ролик авторлары інжілдің кейбір мәтіндеріне сүйене отырып, келесі жұмада жердің магнит полюстерінің инверсиясы болатына сендіруге тырысады. Бұл табиғат өзгерісі қатты жер сілкінісіне себеп болады және ауа температурасы күрт өзгереді, соның салдарынан жер бетінде өмір сүру мүмкін болмайды делінеді. "Күн суытады, ал Ай қызыл болады. Әлемдік мұхиттың деңгейі жоғарылайды", - делінген болжамда.
Дегенмен де, барлығы білетіндей, ақырзаман болады дегенді сан мәрте болжам жасалған. Адамдарға ақырзаманның сценариін көріпкелдер мен футурологтар, ғалымдар мен ақылсыздар, қасиетті кітаптар мен діни әдебиеттерде талай рет болжанған, дейді RT телеарнасы. Армагедонның қаруы ретінде табиғат өзгерістері техногенді апаттар, вирустар шабуылы және басқа ғаламшарлардың келуі, астеройдтардың құлауы және мінез-құлықтың төмендеуі айтылады.