Ақтөбеде 63 жастағы тұрғын пәтерін қоқысқа лық толтырған. Плюшкин синдромы бар Михаил Слободянюк қоқысты бір бөлмелі пәтеріне он жыл бойы жинаған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Ақтөбеде 63 жастағы тұрғын пәтерін қоқысқа лық толтырған. Плюшкин синдромы бар Михаил Слободянюк қоқысты бір бөлмелі пәтеріне он жыл бойы жинаған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Михаил Слободянюк пәтерде жалғыз тұрады. Бір бөлмелі пәтерде не жарық, не су жоқ. Зейнеткер он жыл бұрын зайыбынан айырылып, жалғыз қалған. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы авиазауытта аға шебер болған ол 90 жылдары зауыт жабылғалы жұмыссыз қалған. Фотограф болып күн көрген. Бірақ онысынан түк шықпаған. Содан бері қоқыс жинауды шығарған.
"Жақсы жарақты затты көрсем үйге алып келемін. Қажетіме жарап қалар деп ойлаймын. Мен үйімде бір нәрселер жасау үшін де осы материалдар керек болады", - дейді Михаил Слободянюк.
Үй иесі көршілерінің үйді тазартайық деген ұсынысына келіспей отыр екен.
"Біз бір күні еден тесіліп, астында тұратын тоқсандағы әжейдің үстіне түсе ме деп қорқамыз. Апатты жағдай туып, өрт шықса не істейміз? Қатты қорқамыз", - дейді көршісі Ольга Турганова.
Михаилдың бұрыңғы кеңес замандағы қызыл паспортынан бөтен құжаты жоқ. Учаскелік полицейлер жақында 63 жасқа келетін азаматтың зейнетақы алуы үшін құжаттарын реттеп береді. Полицейлердің айтуынша, олар Михаилдың үйін қоқыстан тазартуға құқығы жоқ екен.
"Бізге оның рұқсаты керек. Ол айтса шығарып бер десе, біз дайынбыз. КСК-мен сөйлесіп қойдық. "Айтыңыздар" деп отыр. "Машина әкелеміз" деп отыр. Өзім де киімді шешіп, қоқыс тазартуға дайынмын. Бірақ рұқсаты керек. Өзінің заңды үйі ғой. Біз оның үйіне заңсыз кіре алмаймыз. Арызданып, тек соттан қаулы шығарып бермесе кіре алмаймыз", - дейді учаскелік инспектор Нұрсайын Есенаманов.