29 маусым 2015 | 18:05

67 жыл бойы некеде болған жұп бір күнде көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.ru ©Vesti.ru

67 жыл бойы некеде болған жаңазеландиялық жұп бір күнде көз жұмды, - деп хабарлайды Вести.Ru. 94 жастағы Хью Нис пен оның 92 жастағы әйелі Джоан бүгін таңда ұйқыдан оянбай қалды. 


Иконка комментария блок соц сети

67 жыл бойы некеде болған жаңазеландиялық жұп бір күнде көз жұмды, - деп хабарлайды Вести.Ru. 94 жастағы Хью Нис пен оның 92 жастағы әйелі Джоан бүгін таңда ұйқыдан оянбай қалды. 

Марқұмдардың қызы Джой Рид "Біздіңше, бұл бір ғажайып оқиға болды, өздері солай көз жұмғысы келген еді" деді. Ол дәрігерлердің жасаған болжамы бойынша, Джоанның күйеуінен бұрын қайтыс болуы керектігін айтты. Алайда күйеуі таңғы 10.20-да, ал оның әйелінің екі сағаттан кейін қайтыс болғанын айтып берді.

Stuff.co.nz сайтының мәліметінше, зейнеткерлердің денсаулығы соңғы уақытта күрт нашарлап кетіпті. Соңғы үш айда олар өз бөлмелерінен шықпаған. "Олар бірге көз жұмғысы келетінін айтатын, бірақ мен дәл солай болады деп ойламаппын", - деді қыздары.

Хью мен Джоан Нистер 1940 жылдары кездесіп, содан бері айырылыспаған. Хатт баптистердің дін қызметшісі болған, әр жылдары олар Жаңа Зеландияның әр қаласында, сонымен қатар, Папуа Жаңа Гвинеяда тұрып келіпті. Әйелі күйеуіне шіркеудегі жұмысына көмектесіп отырыпты.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай биылғы ақпанда Калифорния штатында болған еді. 90 жастағы Флойд Хартвиг 11 ақпанда, ал оның 89 жастағы әйелі Вайолет бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды. 67 жыл бойы бірге өмір сүрген жұп соңғы демі шыққанша қол ұстасып жатыпты.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети