69 жыл бойы баласын өлі деп келген әйел қызымен кездесті

10 Желтоқсан 2018, 11:40
0
69 жыл бойы баласын өлі деп келген әйел қызымен кездесті - © Connie Moultroup
© Connie Moultroup

ДНҚ талдауы америкалық 69 жастағы әйелге туғаннан кейін айырылған анасын табуға көмектесті, - деп хабарлайды Lenta.ru тілшісі CNN телеарнасына сілтеме жасап. 

Конни Маултруп (Connie Moultroup) 1949 жылы дүниеге келген және асырап алғанға дейін балалар үйінде өскен. Қыз бес жаста болғанда асыранды анасы онкологиялық аурудан қайтыс болыпты. Ал асырап алған әкесінің жаңа әйелі Конниді жақтыртпаған, сондықтан бала мұндай қарым-қатынасқа шыдар жүруге мәжбүр болған. Маултруп өмір бойы туған ата-анасын табуды армандаған. 

Бір жыл бұрын қызы оған Ancestry.com жиынтығын сыйлаған, ол ДНҚ тесті арқылы туыстарды іздеуге көмектеседі. Әйел қызмет көрсету орталығы тауып берген жақын туыстарының біріне хабарласып, анасына айтқан. "Мен оның аты Дженевив Пьюринтон (Genevieve Purinton) дедім, - деп баяндайды Маултруп. Ал туысым: "О, бұл менің тәтем, ол әлі тірі", - дейді.

Басылымның мәліметінше, 88 жастағы Дженевив Пьюринто жалғыз тұрыпты. "Ол некеде болмағандақтан мені өлі деп айтқан", - дейді Маултруп. - Ол болған жайтты білмеген де". 1973 жылы Жоғарғы сот түсік жасатуды заңдастырғанға дейін Америка Құрама Штаттарында некеден тыс туылған балаларды анасынан мәжбүрлі түрде айыру тәжірибесі болған. 

2017 жылы 60 жыл бұрын Гавайиде танысқан ескі дос Ancestry.com сервисі арқылы бауырлас екендерін анықтаған. Тест нәтижесі бойынша, олардың анасы бір, бірақ әкелері әр түрлі болып шыққан.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай