02 қыркүйек 2017 | 18:22

8 жастағы қызды педофилден құтқарған Ақжол Сансызбайға велосипед сыйға тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tumba.kz © tumba.kz

8 жастағы қызды педофилден құтқарған Ақжол Сансызбай барлық БАҚ-тың қаһарманына айналды. Жергілікті полиция қызметі оған велосипед сыйға тартылды. Бұл сыйлық оған Білім күнінде өз мектебінде табысталды, - деп хабарлайды Tumba.kz.


Иконка комментария блок соц сети

8 жастағы қызды педофилден құтқарған Ақжол Сансызбай барлық БАҚ-тың қаһарманына айналды. Жергілікті полиция қызметі оған велосипед сыйға тартылды. Бұл сыйлық оған Білім күнінде өз мектебінде табысталды, - деп хабарлайды Tumba.kz.

"Ақтаудағы №22 орта мектепте оқушыларды полицейлер білім күнімен ғана емес, нағыз батырмен бірге оқитындарын айтып, құттықтады", - деп жазады басылым. 

Еске салайық, 11 жастағы Ақжол Сансызбай кішкентай қызды құрылыс алаңына апара жатқан ер адамды көріп, қылмыскерді видеоға түсіріп, ересек адамдарды шақырған, мұның нәтижесінде қылмыстың алдын алу мүмкін болған. Ақжолдың бұл әрекетінің арқасында полиция қылмыскерді ізін суытпай ұстай алған. 29 тамызда батыр балаға Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінде құрмет көрсетілген еді. 

Ал бала өзін батырмын деп есептемейді. Ақжолдың айтуынша, ол қызды зорлықшыдан жалғыз аман алып қалуы керек екенін түсінгенде қатты қорыққан. 

"27 тамызда шамамен 15:30-да болды. Үшінші ықшамауданда көшеде серуендеп жүріп, ер адамның құрылыс алаңына қарай бір қызды сүйреп апара жатқанын байқап қалдым. Бастапқыда не болып жатқанын да түсінбедім, бірақ соңдарынан жүрдім. Ұялы телефонымның камерасын қостым, осы кезде олардың әңгімесін тыңдадым. Ағаның қызды зорлағысы келгенін ұқтым. Онымен төбелесуге қорықтым. Сондықтан төменге барып, ересек адамдарды шақырдым. Олар көтерілгенде ер адам қызды мойнынан ұстап тұрды. Ересек адамдарды көрген ол қашып кетті", - деді Ақжол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети