Тоғыз жастағы Әмір Махмет Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орай 500 рет кеудесін жерден көтерді. Ол өзінің бұрынғы рекордын жаңартты, - деп хабарлайды "Казахстанская правда". Оның жетістігі қазақстандық Рекордтар кітабына тіркелді.
Тоғыз жастағы Әмір Махмет Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орай 500 рет кеудесін жерден көтерді. Ол өзінің бұрынғы рекордын жаңартты, - деп хабарлайды "Казахстанская правда". Оның жетістігі қазақстандық Рекордтар кітабына тіркелді.
Баланы қолдау үшін қазақстандық белгілі спортшылар - Илья Ильин, Серік Сәпев, Қазақстан ММА Федерациясы президенті Анатолий Ким, сонымен қатар, каратэ және ММА бойынша әлем чемпионы, "Астана" ППСК бас менеджері Айдар Ахметов келді.
Әмір Махмет Қазақстанның Рекордтар кітабына екі рет енген. Биыл Street Workout бойынша Ақмола облысында өткен чемпионатта Әмір 30 секунд ішінде 50 рет кеудесін жерден көтерді.
"Бала біздің жастарымызға жақсы үлгі көрсетіп жатыр. Біздің халқымыз спорт жағынан ерекшеленетіні қандай жақсы. Ары қарай даму керек деп ойлаймын", - деді Илья Ильин.
Баланың анасы Қаламқас Махметованың айтуынша, Әмір спортпен бір жыл бұрын айналыса бастаған. "Баламен күйеуім айналысады. Бұл соның еңбегі. Олар жиі әңгімелесіп, жоспарлар құрады. Мен тек оның сабағына қараймын. 8 жасынан спортпен шұғылдана бастады. Алғашқы рекордын да осы жаста орнатты, - деді әйел. - Мен оның керек норманы орындай алатыдығы үшін уайымдамаймын, денсаулығы ғана алаңдатады".
"Ол еліміздің мақтан тұтар азаматы және аты әлемге әйгілі спортшы болатынына сенемін. Әкесінің талаптарын орындауы үшін үнемі қасында боламын, оны қолдаймын", - деді жас спортшының әкесі Әнуар Махметов.