Comedy Club шоуының Путин мен Трамп жайлы қойылымы Желіні шулатты

05 Наурыз 2017, 11:33
0
Comedy Club шоуының Путин мен Трамп жайлы қойылымы Желіні шулатты -

Comedy Club шоуының АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин арасындағы кездесуіне жасаған пародиясы Желіде ең көп көрілген видео болды. 

Comedy Club резиденті Гарик Харламов АҚШ лидерінің образын сомдаса, ал Путинді Дмитрий Грачев салды. 

Қойылымда ресейлік жойғыш ұшақтар, әскери сүңгуір кемелер, НАТО-ның кеңею мәселелері әзілмен көрсетіледі. Сондай-ақ, "Путин" "Трампқа" орыстың ұлттық ойыншығын сыйлайды. Ойыншықта Трамптың суреті бар, ал оның ішінде Меркель, оның ішінде Олланд, ал оның ішінде "кішкентай Порошенко" бар болып шығады. 

Comedy Club видеопародиясы бір күн ішінде 4 миллионға жуық рет қаралған. Ал пікір жазғандар Харламовтың Трампты айнытпай салғанын, ал Грачевтің әдеттегідей Путинді ойдағыдай көрсеткенін айтып отыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай