Әбілқайыр ханның Елизаветаға жазған хаты табылды

Әбілқайыр ханның Елизаветаға жазған хаты табылды Видео кадры

Ғалымдар қазақтар үшін қала салу жөнінде ұсыныс айтылған Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хатын тапты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар қазақтар үшін қала салу жөнінде ұсыныс айтылған Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хатын тапты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Хат осыдан үш ғасыр бұрын жазылған. Әбілқайыр хан өтінішін Орынбор генерал-губернаторы арқылы жолдапты. Құжаттың түпнұсқасы осы күнге дейін Орынбордағы мемлекеттік музейде сақталған. Ақтөбелік мамандар оның көшірмесін алып, зерттеп жатыр.

Екі жүз беттен тұратын өтініш көне славян тілінде жазылғандықтан ең алдымен хат мәтінін аудару керек екен. Хан хатында шаһар салудан басқа ұлы Ералы туралы да айтады.

"Біздің пайымдауымызша, Әбілқайыр ханның қала сұрауы Орск немесе қазіргі Орынбор қаласындағы Берск қамалы орнына салынған Берск қалашығы деген ойымыз бар. Құжат болғандықтан, оны әлі зерттеу керек", - дейді Ақтөбе облыстық архивінің ғылыми қызметкері Нұрлан Есетов.

Сондай-ақ, ханның ұсынысын патшайым да қолдаған сияқты. Қазір Әбілқайырдың айтуымен нақты қай қаланың бой көтергені белгісіз. Мамандар Ор немесе Орынбор болуы мүмкін деген болжам айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети