Ағайынды Запашныйлардың цирк қойылымында жолбарыс арыстанның мойнына жабысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағайынды Запашныйлардың цирк қойылымында жолбарыс арыстанның мойнына жабысты

Ағайынды Запашныйлардың өнерін тамашалауға келген мыңдаған көрермен арыстан мен жолбарыстың күресіне куәгер болды. Сөйтсе ол қойылым емес, шын мәнінде болып жатқаны тек мылтық атылғаннан кейін түсінікті болған. Ағайынды Запашныйлардың осылай ақырғы шараға баруы бірінші рет, - деп хабарлайды НТВ телеарнасы. 

Кейін жаттықтырушылардың айтуынша, бұл "еркектердің қарым-қатынасын анықтау" болған. Жолбарыстың бұл бірінші күресі емес екен. Жаттығушылардың сөзінше, жолбарыс бұл шабуылын "кімнің кім" екенін көрсету үшін жасаған. Көрермендер арыстанның физикалық тұрғыдан ірі болса да әлсіз екенін және күресті бірінші болып жолбарыс бастағанын айтты. Телеарнаның хабарлауынша, екеуін дереу тоқтатып алған, әйтпесе күрестің арты оқыс оқиғаға айналауы мүмкін еді.

"Бірінші шабуылдаған жануар дұрыс әдісті қолданса, екіншісі өліп кетер ме еді. Біз дереу тоқтатпағанда жолбарыс арыстанды тұншықтырар ма еді", - деді Эдгард Запашный.

Қоршаудағы күрестің тез болғаны соншалық, көрермендер қорқып үлгермеді дейді телеарна. Көрермендердің қауіпсіздігі арнайы шынжырдың арқасында қамтамасыз етілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети