30 шілде 2020 | 10:31

Ағайынды саяхатшылар Алматыдан Семейге 46 күнде жаяу жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Хабар 24" Фото: "Хабар 24"

Ағайынды Дамир және Дәулет Күшеевтер Алматыдан Семейге 46 күнде жаяу жетті.  Олар 1150 шақырым жол жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ағайынды Дамир және Дәулет Күшеевтер Алматыдан Семейге 46 күнде жаяу жетті.  Олар 1150 шақырым жол жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"46 тәулікте 1150 шақырым жүріп, қуаныштың көз жасы - сондай сезім бар. Өзімізге ризамыз", - деп бөлісті саяхатшылар.

Дамир және Дәулет - волонтерлар. Олар Алматыдан 12 маусымда шықты. Бұл саяхатын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мен волонтерлар жылына арнады. Өскелең ұрпақты қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру үшін құрылған жоба "Абайға апарар жол" деп аталады.

"Бұл бірінші жобамыз. Ол аяқ астынан ойға келді. Яғни тез жиналдық та, жолға шықтық. Кейбіреулер неге көлікпен, неге велосипедпен, неге ат үстінде бармайсыздар деп тоқтатты. Егер мақсатың болса, сен сол мақсатқа ұмтыласың. Біз мақсат қойдық. Біз жеттік", - деді Дамир Күшеев.

Олар күніне 40 шақырым жүрген. Арасында тынығып алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети