Ағылшын ғалымдары Гитлердің жұбайының еврейге қатысы барын анықтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағылшын ғалымдары Гитлердің жұбайының еврейге қатысы барын анықтаған

Адольф Гитлердің жұбайы Ева Браунның ДНК-сын зерттеген ағылшын ғалымдары оның еврейге қатысы барын анықтаған деп жазады Channel 4 телеарнасы көрсететін деректі фильмге сілтеме жасаған The Independent басылымы.

ДНК-ны зерттеу үшін Баварияның Алпі тауы етегіндегі Гитлердің үйі - Бергхоф резиденциясында 1945 жылы тәркіленген тарақтағы Браунның шашы қолданылған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ол шешесі жағынан ашкенази тобындағы еврейге (еврейлер екі категорияға бөлінеді: сефардтар және ашкенази) қатысы бар боп шыққан. Басылым кезінде Браун отбасын Гитлердің жақтасы Мартин Борманның жекелей тексергенін баса айтады. Ол Браундардың таза неміс екенін нақтылаған.

Еске сала кетелік, Ева Браун мектеп мұғалімі Фридрих Браунның қатал католик отбасында тәрбиеленген. Күйеуге шыққанға дейін ол тігінші боп жұмыс істеген. Ева Браун басында Гитлердің ашынасы, одан кейін ұзақ жылдар азаматтық некедегі әйелі болады. Олар 1945 жылдың 30 сәуірінде бір-біріне қол салғанға дейін бірнеше сағат бұрын ресми түрде некеге отырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети