19 желтоқсан 2014 | 17:52

Ахметжан Есімов: Мен әлі әйелімнің үйінде тұрамын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахметжан Есімов. ©Ярослав Радловский Ахметжан Есімов. ©Ярослав Радловский

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте жалға берілетін баспаналар мен ескі үйлерді құлату бағдарламалары туралы баяндады, - деп хабарлайды TengrinewsTV


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте жалға берілетін баспаналар мен ескі үйлерді құлату бағдарламалары туралы баяндады, - деп хабарлайды TengrinewsTV

"Тағы бір келешегі зор жоба - қалалық ипотекалық бағдарлама, оған бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді", - деді Есімов. Сонымен қатар, ол облигациялық заем есебінен баспана тұрғызу жоспарда бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, биыл 1 миллион 300 мың шаршы метр баспана тұрғызылады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Тұрғын үйге сұраныстың жыл сайын артуы, халық тығыздығының артуымен байланысты. Әкімнің мәлімдеуінше, соңғы бір жылда Алматы тұрғандарының қатары 40 мыңға артқан, олардың жартысы - өзге аймақтардан көшіп келгендер болса, қалған 20 мыңы - табиғи өсім көрсеткіші. 

Айта кетейік, Алматы халқының саны соңғы бір жылда алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге артқан. Алматы қаласы тұрғындарының орташа жасы - 33.  

Журналистер әкімнің бір жыл бұрын "әйелімнің үйінде тұрамын" деген мәлімдемесіне қатысты сұрақ қойды, Есімовтің айтуынша, бір жылда ештеңе өзгерген жоқ, ол әлі де әйелінің үйінде тұратынын айтты. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети