Айдахо штатында птерозавр ұшып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдахо штатында птерозавр ұшып жүр © YouTube

Қолданушылардың бірі таяуда YouTube видеохостингіндегі арнасына видео жариялады. Автордың айтуынша, видео америкалық Айдахо штатындағы Бойсе қаласында түсірілді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қолданушылардың бірі таяуда YouTube видеохостингіндегі арнасына видео жариялады. Автордың айтуынша, видео америкалық Айдахо штатындағы Бойсе қаласында түсірілді. 

Бейнежазбада беймәлім құс ұшып жүреді, кескіні біздің заманымыздан бұрын тіршілік еткен птерозаврға ұқсайды. Беймәлім құс видеода 10 секундтай көрінеді. Кадрларды жақындатып көргенде де құс ықылым заманның тіршілік иесінен аумайды - өзіне тән жотасын және кең жазылған қанатын байқауға болады.

Ал скептиктер болса объективке жарғанаттың түсіп қалғанын айтады. Ғалымдар бұл роликке қатысты түсінік бермеді.

Айта кетейік, птерозаврлар мезозой кезеңінде тіршілік еткен. Бұл түрдің жойылып кетуі динозаврлардың құрып кету уақытымен тұспа-тұс келеді, яғни 65 миллион жыл бұрын. Птерозаврдың қанатының ұзындығы 11 метр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети