13 желтоқсан 2019 | 17:30

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сұлтан Сартаев. © vecher.kz Сұлтан Сартаев. © vecher.kz

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Академик бүгін, 13 желтоқсанда өмірден озды. 

Сұлтан Сартайұлы Сартаев - кеңес және қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, Қазақстан заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. Ол еліміздегі Конституцияның негізін қалаушылардың бірі.

Сартаев 1995 жылы еліміздің Ата Заңын дайындауға белсенді араласқан. Оның бастауымен Конституцияға Қазақстанның жер және жер қойнауы, ұлттық нышандарына байланысты көптеген маңызды өзгеріс енгізілді. 

Сұлтан Сартаев 1927 жылы 15 қазанда дүниеге келген. 1962 жылы Сұлтан Сартайұлы ауылдарда қазақ мектебін бітіргендер үшін заң факультетінде қазақ бөлімін ашу үшін барлық күш-жігерін жұмсаған. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және шәкіртақы алуға, қазақ тіліндегі қабырға газетін шығаруға көмектесті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети