Әке-шешесінің кредитін жауып беретінін айтқан қыз туралы: Асаба оқиғаның сценарий бойынша өрбігенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әке-шешесінің кредитін жауып беретінін айтқан қыз туралы: Асаба оқиғаның сценарий бойынша өрбігенін айтты Видео кадры

Желіде "Әке-шешесінің кредитін жауып беремін" деген биші бүлдіршіннің видеосы өткен аптада нағыз хитке айналған болатын. Әлеуметтік желілерде таралған видеоға қатысты жазылған пікірлерде Элеонора есімді 6-7 жас шамасындағы қыз тойда би билеп, ақша ұтып алған делінді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Әке-шешесінің кредитін жауып беремін" деген биші бүлдіршіннің видеосы өткен аптада нағыз хитке айналған болатын. Әлеуметтік желілерде таралған видеоға қатысты жазылған пікірлерде Элеонора есімді 6-7 жас шамасындағы қыз тойда би билеп, ақша ұтып алған делінді. 

Осы тойдың сайтымыздың тілшісіне хабарласқан асабасы Мағжан Бәйнеев қыздың аузынан шыққан әзіл туралы айтып берді. Ол "әке-шешесінің кредитін жауып беремін" деген сөзді қыздың емес, өзінің сценариі бойынша әдейі айтылған әзіл екенін түсіндірді. "Тойда қауымның көңілін тауып, анда-санда солай әзіл айтқызып, тосыннан жауаптарын да дайындап береміз. Алайда тойда өнер көрсеткен бүлдіршін қыздың осы жолмен "нәпақа тауып жүр" деген пікірлердің өтірік екенін айтқым келеді. Ол қыз жақсы, бақуатты отбасыдан шыққан. Өнерге жақын қыз", - деді ол.

Айтуынша, той өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында өтіпті. "Интернетте бұл видео осынша бұқараға таралып кетеді деген ойымыз болған жоқ. Кейін қарасақ, сайттардан, теледидардан көрсетіп жатыр екен", - деп таңғалысын жасырмады асаба.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети