Желіде "Әке-шешесінің кредитін жауып беремін" деген биші бүлдіршіннің видеосы өткен аптада нағыз хитке айналған болатын. Әлеуметтік желілерде таралған видеоға қатысты жазылған пікірлерде Элеонора есімді 6-7 жас шамасындағы қыз тойда би билеп, ақша ұтып алған делінді.

Осы тойдың сайтымыздың тілшісіне хабарласқан асабасы Мағжан Бәйнеев қыздың аузынан шыққан әзіл туралы айтып берді. Ол "әке-шешесінің кредитін жауып беремін" деген сөзді қыздың емес, өзінің сценариі бойынша әдейі айтылған әзіл екенін түсіндірді. "Тойда қауымның көңілін тауып, анда-санда солай әзіл айтқызып, тосыннан жауаптарын да дайындап береміз. Алайда тойда өнер көрсеткен бүлдіршін қыздың осы жолмен "нәпақа тауып жүр" деген пікірлердің өтірік екенін айтқым келеді. Ол қыз жақсы, бақуатты отбасыдан шыққан. Өнерге жақын қыз", - деді ол.
Айтуынша, той өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында өтіпті. "Интернетте бұл видео осынша бұқараға таралып кетеді деген ойымыз болған жоқ. Кейін қарасақ, сайттардан, теледидардан көрсетіп жатыр екен", - деп таңғалысын жасырмады асаба.