Әкесі мен ұлы түсірген сурет Желі қолданушыларын дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкесі мен ұлы түсірген сурет Желі қолданушыларын дүрліктірді © Mirror

50 жастағы Джон Уикс өзінің 12 жастағы Гарри атты ұлына үй жұмысын орындауға көмектесу үшін Кент графтығындағы Фарнборо қамалына барады. Қамал тарихымен танысып, бірнеше сурет түсірген. Осыдан кейін ол суреттерден беймәлім сұлбаны байқаған, - деп жазады Mirror.

Джон суретке түсіру кезінде бұл сұлбаны көрмеген, сол үшін ол паранормал құбылыстар маманына барады. Алайда ер адам маманнан да мардымды жауап ала алмаған. 

Жергілікті тұрғындар бұл сұлбаның қара сопы екенін және оны бұрын да көргендерін айтады. Аңыз бойынша, оның аты Уильям де Эйнсфорд. Ол Кентерберий архиепископты күту үшін қамалға қараушы болған, ал 1130 жылы зейнетке шығып, діндарға айналған. 

Желі қолданушылары бұл қабырғадағы үңірейген қуыс деген пайым айтқан. Мұны тексеру үшін Джон қамалға қайта барған, бірақ, ол жерде ешқандай да қуыс болмай шықты. Паронаормал құбылыстар маманы да оқиға орнына барып, фотосуретті растаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети