АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қара жорға биледі. Видео елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қара жорға биледі. Видео елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Би мен музыканың тілі - бір! Би - ойды, көңіл-күйді, мәдениетті білдіру. Бүгін Халықаралық би күні! Билеңдер, достар!", - деп жазылған видеоның астында.
Айта кетейік, Джордж Крол түрлі мерекеге арналған қазақ тіліндегі құттықтауларын жиі жариялап отырады. Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында ол видеоқұттықтаулар жазу өзінің идеясы екенін айтты. "Бұл өте қиын, себебі мен қазақ тілінде аса еркін сөйлей алмаймын", - деді Крол.