Мальтип тұқымды кішкентай ит Флорида штатының Форт-Лодердейл қаласындағы көк тіреген үйдің бірінің 16-қабатынан құлап, аман қалды, - деп хабарлайды CNN.
Мальтип тұқымды кішкентай ит Флорида штатының Форт-Лодердейл қаласындағы көк тіреген үйдің бірінің 16-қабатынан құлап, аман қалды, - деп хабарлайды CNN.
Бұл оқиға төрт жастағы Сьюзи Элейн Каралис атты иттің иесі көршісіне қонаққа барған кезде болған. Әйелдер бір-бірімен әңгімелесіп отырған кезде Сьюзи желдету шахтасына шығып кетіп, екінші қабаттағы цементтелген еденнің үстіне құлаған. Итті құтқару үшін үш сағат уақыт кеткен, бұл үшін желдету шахтасындағы саңылауды кесуге тура келген. Бір қызығы итті ветеринарға алып келгенде, оның бірде-бір қатты жарақат алмағаны анықталған. Сьюзиге тексеру жүргізген дәрігер Спенсер Ратнофф итте ешқандай сынық жарақаты және қансырау болмағынанын айтып, таңғалды.
Ит иесі өзінің "еркетайын" операция жасау үшін ұйықтататын болды деп қатты қорыққан. "Мен итімнің көптеген жері сынып, іші қатты зақымданды және басқа да жағдайлар болды деп қатты қорықтым", - дейді иттің 68 жастағы иесі. "Менің балаларым жоқ, сондықтан Сьюзи - менің өмірім, менің жанұям", - деп сөзін жалғастырды ол.