АҚШ-та телеарна қызметкері жұмыстан босату туралы өтінішті тортқа жазды

06 Мамыр 2015, 16:15
0
АҚШ-та телеарна қызметкері жұмыстан босату туралы өтінішті тортқа жазды - © markjherman / reddit.com
© markjherman / reddit.com

Америкалық KOLD TV телеарнасының хабар тарату бойынша директоры Марк Херман (Mark Herman) жұмыстан босату туралы өтінішін тортқа жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru New York Daily News басылымына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Аризонаның 28 жастағы тұрғыны жаңа жұмысына байланысты басқа қалаға көшпек. Ол бұл әрекетімен әріптестерінің оның кетуіне байланысты мұңын жеңілдеткісі келіпті.

Херман төрт жыл бойы жұмыс істеген KOLD TV мен ондағы барлық әріптестерін сағынатынын айтты. "Әріптестерім және мен - бұл расында да ұйымшыл топ. Бұл торт біздің қоштасуымыздың мұңын азайтады деп ойлаймын. Тортты түгелдей жеп, мұңаюға болмайды", - деді ол.

New York Daily News мәліметінше, Херманның әріптестері оның жұмыстан кететінін естігенде қатты қайғырыпты, дегенмен торт жеуден бас тартпаған.

Порталдың мәліметтеріне қарағанда, телеарна қызметкері тортты жергілікті кондитерлердің біріне тапсырыс беру арқылы жасатқан. Бұған дейін ол наубайханаға өтініш мәтіні жазылған электронды хатты жолдапты. Ал торт келесі күні-ақ дайын болған екен.

Айта кетейік, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. 2013 жылы ағылшын шекарашысы жұмыстан кету туралы өтінішін тортқа жазған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай