АҚШ-та ұшақ ішінде болашақ жарына неке сақинасын ұсынған жігіт талып қалды

06 Наурыз 2017, 09:41
0
АҚШ-та ұшақ ішінде болашақ жарына неке сақинасын ұсынған жігіт талып қалды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

АҚШ-тың Калифорния штатында ер адам сүйіктісіне үйлену туралы ерекше ұсыныс жасағысы келіп, осы қадамға ол жеңіл моторлық ұшақ жалдап, әуеде ұсыныс жасауды жоспарлған. Ұшақ ішінде оқиға есте қалуы үшін ол камера орнатқан. Алайда ол өзінің әуедегі жағдайының қалай болатынын білмеген, - деп жазады Lenta.ru.

Ұшаққа отырған Даррел Хэмилтонның теңіз ауруы қозған, бірақ ол өз жоспарлағанын соңына дейін апаруды көздеген. Ұшып бара жатқан уақытта ол қорапшаны ашып, былай деп сұраған: "Сен маған тұрмысқа шығасың ба?". Осы сөзді айтып бола салысымен оның жүрегі айнып кеткен. Оның сүйгені Фэй Рианну таңғалып, соңында қуанышпен келіскенін айтады. Оқиғаның видеосы Youtube желісінде жарияланған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай