Ақтауда бір әйел такси жүргізушісін оны айтылған мекенжайға жеткізіп тастаудан бас тартқаны үшін соққыға жықты, - деп хабарлайды "Лада".
Ақтауда бір әйел такси жүргізушісін оны айтылған мекенжайға жеткізіп тастаудан бас тартқаны үшін соққыға жықты, - деп хабарлайды "Лада".
Оқиға бірнеше күн бұрын қаланың 7-ықшамауданында болған. 34 жастағы әйел ер адамнан оны үйіне жеткізіп салуын өтінген. Алайда ол бас тартыпты. Полицейлердің басылымға берген мәліметтері бойынша, әйел такси жүргізушісін балағаттап, жұдырық ала жүгіріп, киімін жыртқан.
Салдарынан Мұнайлы ауданының 51 жастағы тұрғыны Ақтау ІІБ-ге барып, арыз түсірді. Ер адамның әйелді не үшін жеткізіп салмағаны белгісіз. Бұл дерекке қатысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Мұнайлы ауданында бір ер адам сатушы әйелді ұрған. Ақтаудың 50 жастағы тұрғыны дүкенге мас ер адам кіргенде сауда жасап тұрған. Ер адам балағат сөздер айтып, дөрекі қылық танытқаны үшін әйел ескерту жасапты. Ашуға булыққан ер адам әйелді соққыға жығып, оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі таңда ол қолға түсті.