Ақтауда мас ер адам павильоннан ұрланған гүлдерді өтіп бара жатқан қыздарға таратқан, - деп жазады Tumba басылымы.
Ақтауда мас ер адам павильоннан ұрланған гүлдерді өтіп бара жатқан қыздарға таратқан, - деп жазады Tumba басылымы.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 2 қарашада 12-ықшамауданда болған.
Ер адамның гүл сататын павильонға кіріп, әйеліне гүл сатып алмақшы болғаны айтылады. Осылайша екі күн бойы достарымен қыдырып жүрген ақтаулық тұрғын әйелінің алдындағы кінәсін жуып-шаймақшы болған. Алайда ер адамның қалтасында тек 500 теңге болған. Бірақ ол сол ақшаға сыра сатып алуды шешеді. Дегенмен әйеліне гүл сатып алу туралы ойынан қайтпай, дүкенде тұрған гүлдерді ұрлап кеткен.
Осылайша әйеліне гүл сыйлайын деп жоспарлаған ер адам соңында ұрланған қалампырларды көшеде өтіп бара жатқан қыздарға сыйға тартқан. Осы сәттердің бірінде гүл сататын дүкеннің сатушысы оны ұстап алған.
Сондай-ақ, істің екі тараптың келісімге келуімен аяқталғаны айтылады. Гүлдерді ұрлаған ер адам да, зардап шеккен дүкен сатушысы да арыз жазбаған. Бірақ ер адамға қатысты қандай шараның қолданылатыны айтылмады.