Ақтауда түнді бірге өткізген әйел көңілдесінің көлігін айдап әкетті, - деп хабарлайды "Лада" порталы.
Ақтауда түнді бірге өткізген әйел көңілдесінің көлігін айдап әкетті, - деп хабарлайды "Лада" порталы.
Дереккөзінің мәліметінше, Ақтау қалалық ІІБ-ға Мұнайлы ауданының 42 жастағы тұрғыны арызданып, ғашығының оның көлігін айдап әкеткенін айтқан.
"Kia Cerato автокөлігі зардап шеккен ер адамға тиесілі, ол Ақтаудағы 5-ықшамауданындағы 1-үйдің жанындағы тұрған. Ер адам сол үйден бір пәтерді жалға алып, 26 жастағы әйелмен уақытын өткізіпті. Ер адам ұйқыдан тұрып ғашығын да, көлігін де таппай қалған", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, көлікті айдап әкеткен әйел ұсталып, ішкі істер басқармасына жеткізілді, алайда ол мұндай әрекетке не үшін барғанын айта алмаған. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр.