Ақтаулық Нұрмұхаммед Жақып "Россия-1" телеарнасындағы "Привет, Андрей!" бағдарламасында өнер көрсетті.
Ақтаулық Нұрмұхаммед Жақып "Россия-1" телеарнасындағы "Привет, Андрей!" бағдарламасында өнер көрсетті.
Бала Интернеттегі видеолармен атақты болған балаларға арналған бағдарламаға қатысты. "Бізде қонақта Қазақстаннан келген жарық жұлдыз", - деп таныстырды жүргізуші Андрей Малахов.
Нұрмұхаммед анасына арналған әсерлі композицияны орындап берді. "Мен бұл әнді орындағанда анамды ойлаймын. Мен оны барлық аналарға арнаймын", - деді ол өнер көрсетер алдында.
Жас дарынның өнер көрсеткен сәті түсірілген эпизод 1:06:52-та басталады.
Нұрмұхаммед Жақып әлеуметтік желіде кеңінен танымал, деп хабарлады "Лада". Қазір оның Instagram парақшасында 260 мыңнан аса оқырман бар. Баланың тыңдармандары оны Қазақстан эстрадасының болашақ жұлдызы деп атайды.