ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйек 2019 | 16:02
Ақтөбе облысында үйден шығып, қайта оралмаған зейнеткерге іздеу жарияланды
Ақтөбе облыстында полицейлер жоғалып кеткен зейнеткерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Диапазон" облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облыстында полицейлер жоғалып кеткен зейнеткерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Диапазон" облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
10 қыркүйекте сағат шамамен 19:30-да Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан "Тұрабай" шаруа қожалығының үйінен 1956 жылы туылған Жібек Көпесбайқызы Айтымбетова шығып, қайтып оралмаған. Ол зейнеткер, сол жерде тұрады.
Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық денелі, қараторы келген, көзі қоңыр, шашы қара, ақ түскен. Киімі: қызыл түсті халат, жасыл свитер, көк түсті резеңке-шәркей.
Жоғалған зейнеткерді іздеуге Байғанин аудандық полиция бөлімінің жеке құрамынан 20 адам, Ақтөбе облысы полиция департаментінің 40 қызметкері, аудандық бөлімшелерден 30 адам, 2 қызметтік иті бар облыстың полиция департаментінің кинологиялық орталығының 2 маманы және 131 ерікті жұмылды.
Жібек Көпесбайқызы Айтымбетова туралы қандайда бір ақпарат мәлім болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 102, 8 (7132) 936-100, 8(7132) 936-118 или 8771 546 66 66.
Показать комментарии
Читайте также