Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ерекше бейнероликтің кейіпкері атанды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ерекше бейнероликтің кейіпкері атанды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ақтөбелік футбол жанкүйерлері компьютерлік бағдарламаның көмегімен облыс әкімін жаңажылдық мультфильмнің кейіпкеріне айналдырды. Эльф кейпіндегі Мұхамбетов билеп жүр. Онымен бірге "Ақтөбе" футбол клубының президенті Сағат Еңсегенов пен команда бапкері Владимир Газзаевты да көруге болады.
Телеарнаның хабарлауынша, фанаттар осылайша сүйікті командасына өкпелерін жеткізбекші болған. Олардың ойынша, жаңа бапкер келгелі "Ақтөбе" командасының жолы болмай-ақ қойды. Айтпақшы, осыдан бір апта бұрын Ақтөбедегі орталық стадион маңындағы қабырғаларға белгісіз біреулер қара бояумен Газзаевтың кетуін талап еткен жазулар қалдырған. Бұл жазулар көп ұзамай өшірілді. Ал футбол жанкүйерлерінің қолынан шыққан бейнеролик Интернетті шарлап кетті.