Ақтөбе қаласының тұрғыны әйелін үйінің кіре берісіндегі баспалдақта босандырып алған. Әйел аяқ-асты босанып, кіндік нәрестенің мойнына оралып қалған екен. Дегенмен ер адам сасқалақтамай сәбиін аман алып қалған, - деп хабарлайды "Диапазон".

Аян Ұланның сөзінше, әйелінің толғағы түнде басталған. Олар бірден ауруханаға бармақ болады. Олар такси шақыртып, керек-жарағының бәрін алған. Бірақ әйелі үйден шығып бара жатқанда босанады. Оқиға Әйтеке би көшесіндегі № 43 үйде болған.
"Ол баспалдақпен түсіп келе жатқан, осыдан кейін басталды. Сұлуымды көрпе жайып жатқыздым, ол сасқалақтап тұрды. Тыныштандырып отырып, "Дем ал! Күшен!" деп қайталай бердім. Үшінші рет күшенгенінде босанды. Бірақ сәби жыламады. Кіндік мойнына оралып қалыпты. Тарқатып жібергенімде жылады. Сасқаннан 101-ге, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыппын. Сосын ғана жедел жәрдемге. Жылдам келді, екі минутта жетті. Медициналық білімім жоқ, байланыс саласындамын. Дәрігерлер мен жедел жәрдемнің 12-ші бригадасына: Надежда Филиппова, фельдшер Маматова және жүргізуші Болатхан Жиенбаевқа алғыс білдіргім келеді.
Жедел жәрдем әйелді бірден ауруханаға алып кеткен. Қазір әйел адам аман-есен үйіне оралған, туыстарының ортасында. Сәбиге 40 күн толмағандықтан, ырымдап атын айтпады. Бұл сәби отбасындағы екінші бала.