© Ақтөбе облыстық ауруханасы
Ақтөбеде үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбеде үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Юлия мен Борис Балабековтер 2012 жылы үйленген. Олардың бір баласы бар. Ал 1 желтоқсанда отбасында үшем дүниеге келді - Максим, Даниил және Алина есімді қыз бала. Анасы өзі босанған, ота жасау қажеттігі тумаған.
Ақтөбе облыстық ауруханасының бас дәрігері Рустем Исаевтың айтуынша, Максим 2 келі 150 грамм, Даниил 1 келі 537 грамм, Алина 2 келі190 грамм салмақпен дүниеге келген. Әзірше олар ауруханада болады.
© Ақтөбе облыстық ауруханасы