Ақтөбеде Хэллоуин мерекесінің қарсаңында бір мекеменің алдында арқан жіпке асылып тұрған адамдардың макеті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Instagram желісіндегі aktobe_zello аккаунтына сілтеме жасап.

Кейінірек лаунж бардың қожайындары бұл әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. "Мекемеміздің атынан осы әрекетіміз үшін көпшіліктің алдында кешірім сұраймыз. Мұны қойғандағы ойымызды түсінбеген адамдардан кешірім сұраймыз. Қысқаша айтқанда Halloween мерекесінің (әрине біреулер үшін бұл мереке болып саналмауы мүмкін, алайда көптеген елдерде бұл мерекені көңілді қарсы алады) қарсаңында мекемені немесе өз үйін қорқынышты кейіппен әрлейді. Сол себепті де осындай жағдайға тап болдық. Бұл жәй ғана ақталу емес, біз шын мәнінде осы ойымызды түсінбеген және қорқып қалған адамдардан кешірім сұрағымыз келеді. Бізді кешіріңіздер, біз енді бұлай қорқытпайтын боламыз!", - делінген хабарламада.
Кешірім сұраумен қатар, мекеме басшылығы батыс мерекесінің қорқынышты атрибуттарын алып тастауға мәжбүр болды.