"Ақтөбелік түрколог ғалым, тарих ғылымының докторы Талғат Жұмағанбетов 1000 теңгелік купюрадан қате тапты" деп мәлімдейді Tengrinews.kz "Диапазон" газетіне сілтеме жасап. Тарихшының сөзіне қарағанда, жаңа банкнотта бейнеленген, тастан жасалған бас мүсіні Екінші түрік қағанатында әскери қолбасшы болған Күлтегінге тиесілі емес.
"Ақтөбелік түрколог ғалым, тарих ғылымының докторы Талғат Жұмағанбетов 1000 теңгелік купюрадан қате тапты" деп мәлімдейді Tengrinews.kz "Диапазон" газетіне сілтеме жасап. Тарихшының сөзіне қарағанда, жаңа банкнотта бейнеленген, тастан жасалған бас мүсіні Екінші түрік қағанатында әскери қолбасшы болған Күлтегінге тиесілі емес.
Тарихшы ғалымның айтуынша, оны журналистерге жүгінуге Интернеттегі ролик мәжбүрлеген. Ол роликте сұхбат берушы 1000 теңгелік купюраны жасауға мұқият дайындалғанын айтқан. "Менің ашуымды келтіргені, бұл бейнені 1000 теңгелік купюрге орналастыруда түркологтармен ақылдаспаған. Бұл тақырып Жапонияда, АҚШ-та, Еуропада зерттеліп жатыр. Ертең олар біздің үстімізден күлетін болады, бұл біздің тарих қой" дейді Жұмағанбетов.
Оның сөзіне қарағанда 1000 теңгелік банкнотта бейнеленген тастан мүсінделген бас Күлтегінге тиесілі емес екенін анықтау үшін сәл ғана түркілер туралы түсінік болса, соның өзі де жеткілікті. Тәңіршілдікте шашқа табыну болған. Күлтегіннің қабір басындағы жазбада, "оның арғы атасы Бумыняны және оның жұбайын Тәңір Құдайы шашынан ұстап таққа отырғызды" делінген. Сондықтан "шаш қаншалықты ұзын болса, құдаймен байланысы сонша күшті болады" деген ұғым болған. Ерлер шашты 40 өрім етіп өрген, сақал-мұртын да ұзын қылып өсірген. Ал мына мүсінде ұзын мұрттан да, ұзын сақалдан да нышан жоқ.
Тарихшының ойынша, 1000 теңгелік ақшада әйел адамның басы бейнеленген. "Біз бұл әйелдің кім екенін білмейміз. Біздің болжам бойынша, бұл Күлтегіннің жұбайы, өзінің кеңесшісі, ашидэ руынан шыққан әйгілі Тоныкөктің қызы болуы ықтимал. Бірақ бұл Күлтегін емес екені анық. 1000 теңгелік банкнотта жіберілген қателік туралы барлық түркологтар біледі. Ақшаны дайындап, оны таратпас бұрын мамандармен ақылдаспағаны өкінішті" деп қосты ғалым.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан Ұлттық банкі 1000 теңгелік жаңа банкнотты 2013 жылдың 12 желтоқсанында айналымға шығарған болатын. Банкноттың түсі қоңыр-сары. Бет жағында Күлтегін мүсіні, "Қазақ Елi" монументі және ұшып жүрген көгершіндер бейнеленген. Мамыр айының басында 1000 теңгелік купюра халықаралық банкноттар қауымдастығының "2013 жылдың үздік банкноты" деген атағына лайық деп табылған болатын.