Әлемдегі ең бай адам әйелімен ажырасты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең бай адам әйелімен ажырасты © REUTERS

Amazon басшысы Джефф Безос және оның жары Маккензи ресми түрде ажырасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Amazon басшысы Джефф Безос және оның жары Маккензи ресми түрде ажырасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Жұма күні Вашингтон штатында округ соты Кинг неке бұзу процесін ресми аяқтау туралы құжатқа қол қойды. Ресми ажырасқанна кейін Amazon басшысының бұрынғы әйеліне заң бойынша тиесілі 38,3 миллиард доллар көлеміндегі компанияның 19,7 миллион акциясын беру процесі басталады. Агенттіктің ақпараты бойынша, бұл оны автомат түрде ғаламшардың ең бай әйелдерінің бірі етеді. 

Еске салсақ, қаңтарда Джефф Безос пен оның жары 25 жылдық некеден кейін ажырасуға бел буған. Жұптың төрт баласы бар. Маккензи Безос сәуірде ажырасу процесін аяқтап, бұрынғы күйеуіне тиесілі Amazon акцияларының 75 пайызынан, сондай-ақ, The Washington Post газетіндегі және Blue Origin компаниясындағы үлесінен бас тартты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети