"Әлемнің ең әдемі қызы" бірінші сыныпқа барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлемнің ең әдемі қызы" бірінші сыныпқа барды Суреттер:Instagram/anna_knyazeva_official

2017 жылы шетелдік БАҚ өкілдері "әлемдегі ең әдемі қыз" деп атаған ресейлік Анастасия Князева биыл бірінші сыныпқа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы шетелдік БАҚ өкілдері "әлемдегі ең әдемі қыз" деп атаған ресейлік Анастасия Князева биыл бірінші сыныпқа барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың анасы Instagram әлеуметтік желіде мектепке барған суреттерін бөлісті. Кәмелет жасқа толмаған ресейлік қыз желі қолданушыларын өзінің үлкен көк көзі мен қуыршақ бет-әлпетімен таңғалдырған.

Оның Instagram әлеуметтік парақшасына 1,3 миллион адам жазылған.

Кішкентай кезінен берін Анастасия модель болып жұмыс істейді, сондай-ақ бірінші сыныпқа енді барған ресейлік қыз жарнама кампанияларында түседі.

Кейбір желі қолданушылары анасы Анна Князеваны қызының арқасында ақша тауып отыр деп теріс пікірлер жазған. Өз кезегінде Анна хейтерлерге жауап ретінде "қара терге" салынып жұмыс істейтінін айтып мәлімдеген.

"Менің балаларым өте ақылды, тәрбиелі. Себебін мен уақытымды ұтымды жұмсап, олардың тәрбиесімен айналысамын деп түсіндіре аламын. Настя 8 айынан бері жөргексіз жүрген. Ол үшін арнайы дәртехана бар екенін сол кезден-ақ білген. Ұлым да жақсы оқиды. Ол шахмат бойынша аудандық чемпион. Мұғалімдерінен келіп түсетін көптеген алғыс хат бар, сондай-ақ мақтау қағаздары бар. Спортпен де шұғылданады, достары да көп және жай ғана жақсы адам. Енді мені жаман ана дейсіздер ме???", - деп жазды қыздың анасы.

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети