Еlle.ru әлемнің ең бай балаларының тізімін жариялады. Олардың көбі 16-ға толмаған, дегенмен банктегі есепшоттарында миллиондаған дәулеті бар.
Еlle.ru әлемнің ең бай балаларының тізімін жариялады. Олардың көбі 16-ға толмаған, дегенмен банктегі есепшоттарында миллиондаған дәулеті бар.
Георг Александр Луис ханзада, 1 жаста, 1 миллиард доллар
Ағылшын тағы мұрагерлері желісінде үшінші болып тұрған бұл бала тәжбен бірге билікті ғана емес, асып-тасыған дәулетке де ие болуы мүмкін. Георгтің иелігіне жалпы құны бір миллиард доллардан асатын активтер өтеді және бұл - тек әкесінің дәулеті ғана. Басылымның мәліметінше, Георг бас монарх атанбаса да, оның мемлекеттік қазынадан алатын табысы жыл сайын 400 миллион фунтқа жетпек, себебі Ұлыбританияда салық король әулетінің қажеттіліктерін субсидиялауға жұмсалады.
Сури Круз, 8 жаста, 270 миллион доллар
Суридің стильді киімдерге толы бір гардеробы оның ата-анасы Том Круз бен Кэти Холмс үшін 3 миллион долларға түседі. Соның арқасында Сури әлемнің ең сәнқой балаларының бірі атанып жүр. Оның кейбір киімдері тым қымбат - Dolce&Gabbana плащы 2140 доллар тұрады, ал қыз оны ұзақ киген жоқ. Бірде Рождество мерекесінде анасы Суриге жылу, су, электр жүйелері бар ойыншық үй сыйлады, құны - 24 мың доллар.
Валентина Палома Пино, 7 жаста, 12 миллион доллар
Актриса Сальма Хайек пен миллиардер Франсуа Анри-Пиноның қызы Валентина Италияның әйгілі гала-концерттеріне қатысып, анасымен бірге беделді қызыл кілемдермен жүріп көрген. Үш жасынан бері үш тілде еркін сөйлейді, жазғы каникулын Сен-Бар аралындағы люкс-курортта өткізеді. Оның әкесі Лос-Анджелестегі Валентинаның атына берілген зәулім үйді күтіп ұстау үшін айына 50 мың доллар жұмсайды. Бұл үйдің өзі 12 миллион доллар тұрады. Ал олигархтің өз байлығы - 16,2 миллиард доллар.
Джейден Смит, 16 жаста, 8 миллион доллар
Уилл және Джада Пинкет Смиттердің үлкен ұлы Джейден әйгілі актер Джеки Чанмен бірге түскен "Карате-пацан" фильмі үшін 5 миллион доллар табысқа ие болды. Ол бұрынырақта әкесімен бірге "Бақыт қуалағанда", "Жер тоқтап қалған күні" картиналарында да ойнаған еді. Киноға түсумен бірге Джейден өзінің рэп айту және би өнерінен де зор табыс түсіреді, бұған қоса, өзінің жеке сән бренді бар. Сөйтіп, бақытқа қалай жетуге болатынын білетін еңбекқор бала жылына 8 миллион доллар табыс табады. Джейден - қайырымды бала, ол Замбиядағы СПИД-ке қарсы күрес үшін тұрақты түрде қомақты қаржы бөліп отырады.
Рико Родригес, 16 жаста, 4 миллион доллар
Мектеп оқушысы Рико АВС телеарнасындағы "Қазіргі заманғы отбасы" сериалына түсіп, танымал болды. Сонымен бірге, басқа да көркем фильмдерде ойнады. Кинодағы рольдері оның байлығын 4 миллион долларға жеткізді.
Джордан Кейси, 13 жаста
Ирландияның Уотерфорд графтығында тұратын бұл жасөспірім 13-ке толмай жатып, IT саласының табысты білгірі атанды. Ол iTunes-ке арналған үш ойын жасап шығарды. Ол 10 жасында компьютерлік бағдарламаларды үш тілде жасай алатын болды. iOS операциялық жүйесін жасаушылардың ең жас өкілі аз ақша таппайды, дегенмен оның нақты мөлшері белгісіз.
Изабелла Баррет, 7 жаста, 2 миллион доллар
Изабелла миллиондаған дәулетке сұлулық байқауларына, телевизиялық думандарға қатысу арқылы және балаларға арналған өз зергерлік бұйымдар желісін ашып қол жеткізді. Toddlers and Tiaras телебағдарламасының бұрынғы қатысушысы 10 мың доллар тұратын көйлекті киеді. Кешкі асқа бірнеше мың доллар жұмсай алады, жасанды тотығу мен алынбалы кірпік-тырнақтар үшін күн сайын жүздеген доллар шығындайтыны тағы бар. Оның биік өкшелі 60 жұп туфлиі бар. Қыз бала негізгі табысты Glitzy Girl маркасынан түсіреді, бұл бренд ерінге арналған жылтырақ, білезік, ашық түсті масаты кофталар өндіреді.
Принц Мулай Эль Хассан, 11 жаста, 2,5 миллиард доллар
Марокко королі Мохаммед V пен ханшайым Лалла Сальманың ұлы Мулай келешекте Еуропа мен Африка үшін стратегиялық маңызы бар елдің билеушісі атанады. Елдегі дәстүр бойынша ханзадаға әкесінің дәулетінен 2,5 миллиард доллар және отбасының инвестициялық компаниясынан 60 пайыз бақылау пакеті беріледі.
Дэннилин Хоуп Биркхед-Маршалл, 8 жаста, 59 миллион доллар
Кішкентай Дэннилин анасы - модель Анна-Николь Смиттен және ағасынан айырылған. Бұл екеуі қайғылы қазаға ұшырады. Ал оның биологиялық әкесі Ларри Биркхед қыздың әкесі екенін дәлелдеу үшін бірнеше ай соттың табалдырығын тоздырды. Алты жасында Дэннилинге анасы өз иелігіндегі жерді және 10 миллион долларды мұраға қалдырды. Анна-Николь қарт магнат Говард Маршаллға күйеуге шыққан болатын, өмірлік серігі өлгеннен кейін сот оның мұрасынан 49 миллион долларды сәби Дэннилинге бөлу туралы қаулы шығарды.