Әлеуметтік желіде қазақстандық қыздардың ашық суреттері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде қазақстандық қыздардың ашық суреттері жарияланды Сурет vk.com сайтынан алынған

"Әлеуметтік желілердің бірінде қазақстандық қыздардың ашық-шашық суреттер базасы жарияланды. Арнайы топта адамдар өздерінің қоғамдық орындарда түскен ашық суреттерін жариялайды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлеуметтік желілердің бірінде қазақстандық қыздардың ашық-шашық суреттер базасы жарияланды. Арнайы топта адамдар өздерінің қоғамдық орындарда түскен ашық суреттерін жариялайды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілердің біріндегі қыздарды әшкерелейтін суреттер салынған "Нысанада" ("На прицеле") тобы күннен күнге әйгілі бола бастады. Мәліметтер базасында қазір ондаған суреттер бар және оларды күніне бір жарым мыңнан астам адам көріп, пікір қалдырады. Бір қызығы ол базаға кіретіндердің басым бөлігі қыздар. Біреулері қараласа, енді бірі "шоуды" жалғастыруды сұрайды және өздері де соған белсенді түрде қатысады екен.

Телеарнаның мәліметіне қарағанда, мәлімметтер базасында көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ адамдардың да суреттері жарияланған. Олар ол суреттердің көпшілік талқысына түсіп жатқанынан да бейхабар. Заңгер Сергей Уткиннің сөзіне қарағанда, әлеуметтік желіге біреудің ашық-шашық суретін жариялаған адамды жазаға тартуға болады. "Жұрт алдында біреудің етек астына көз салуы - бұл адамның жеке өміріне қол сұғу болып табылады. Бірақ бұл жерде мәселе басқада: суреттегі өзің екеніңді дәлелдеу қиын" дейді заңгер.

Егер жапа шеккеніңді және суреттегі сұлбаның саған тиесілі екенін дәлелдей алсаң, онда өтемақы өндіріп алуға болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл суреттерді кімнің салғанын анықтаудың еш қиындығы жоқ. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети