22 қазан 2015 | 14:53

Әлеуметтік желіде Алматы әкімінің жалған аккаунты пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-дағы © bauirzhan_baibek аккаунтынан алынған скриншот Instagram-дағы © bauirzhan_baibek аккаунтынан алынған скриншот

Instagram әлеуметтік желісінде Алматы әкімі Бауыржан Байбектің кезекті жалған аккаунты пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Instagram әлеуметтік желісінде Алматы әкімі Бауыржан Байбектің кезекті жалған аккаунты пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданушының қазіргі таңда үш мыңнан аса жазылушысы бар және 13 сурет жүктелген. Суреттерде әкім Қазақстан Президентімен, атақты спортшылармен және саясаткерлермен тұр. Айта кетейік, суреттердегі жазбалар ресми стильде құрастырылған. Алайда бұл аккаунт та жалған болып шықты.

"Біз бұл мәселеге қатысты бұған дейін де комментарий бергенбіз. Алматы әкімінің әлеуметтік желілерде аккаунттары жоқ. Бұл осымен екінші рет болып тұр. Instagram желісіндегі бұл аккаунт бір күн бұрын ғана ашылған және баспасөз қызметі әлі ешқандай әрекетті қолға алған жоқ. Алайда біз жазылушыларға ол аккаунттың Алматы әкіміне еш қатысы жоқ екенін хабарлағымыз келеді", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, мәселе Instagram желісінде "әкімшілікке шағымдану" мүмкіндігінің жоқтығында болып тұр. "Біз бұл фейктің авторына парақшаны жою туралы хабарлама жолдадық. Бірақ ол жауап берген жоқ", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұған дейін де әлеуметтік желіде Бауыржан Байбектің парақшасы пайда болды, бірақ баспасөз қызметі әкімнің әлеуметтік желілерде аккаунттарының жоқ екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети