Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары 1 қыркүйекте Астанада мектепке ақ бантиксіз барған бірінші сынып оқушысын шараға қатыстырмай қойғаны үшін ескерту алған мұғалімді қорғауға көшті. Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласының тұрғыны мен Kieli7su.kz журналының бас редакторы Земфира Ержан Астана қаласының білім беру басқармасын осы істі жіті қарауды өтінетінін айтқан.

"Біз Сіздердің басқарма мұғалімді әділетсіз жазалады деп ойлайтын ФБ қолданушыларының қатарынанбыз. Біздің ойымызша оқытушыны жазаламастан бұрын Астана қаласының білім басқармасы мән-жайды толығымен тексеріп алуы тиіс еді. Осы жағдайда мұғалімді жазалай отырып Астана қаласының білім басқармасы қазіргі Қазақстанда мұғалімдер оқушылардан мектеп формасын киюді талап ете алмайды деп ойлауға мүмкіндік береді. Қандай жағдайда да әділ баға берілуі тиіс. Мұғалімдердің қазіргі қазақстандық қоғамда құқықсыз әрі қорғаныссыз әлеуметтік топ қатарынан деп ойлағанын қаламас едім", - деді Земфира Ержан өз арызында.
Қазіргі кезде әлеуметтік желіде Астанадағы № 35 мектеп-гимназиясының мұғалімін қолдау үшін дауыс жиналып жатыр. Арыздың көшірмесі қала әкіміне де жіберіледі деп болжанған.
Еске салайық, Астана тұрғыны 1 қыркүйекте елордалық мектептердің бірінде өткен салтанатты іс-шарада болған оқиға жайлы айтып берген. Қарлығаш Оңғарованың айтуынша, бірінші сыныпқа барған қызын ақ бантик тақпағаны үшін өтіп жатқан іс-шарадан шығарып жіберген. Астана қаласының білім беру басқармасындағылар да түсінік берді. Ведомстводағылардың мәліметінше, мұғалімге сөгіс жарияланды.