10 қараша 2016 | 14:33

Әлеуметтік желілерде суреті таралған жүк тиеуші Интернет қолданушыларын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғандағы 41 жастағы жүк тиеуші Қазнетте жарияланған суреттерінен соң танымал бола бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде ер адамның бірден әрқайсысы 25 келіден тұратын он қапты көтеріп жатқаны түсірілген сурет пайда болды. Бұл сурет расынд да желі қолданушыларын таңғалдырды.


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғандағы 41 жастағы жүк тиеуші Қазнетте жарияланған суреттерінен соң танымал бола бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде ер адамның бірден әрқайсысы 25 келіден тұратын он қапты көтеріп жатқаны түсірілген сурет пайда болды. Бұл сурет расынд да желі қолданушыларын таңғалдырды.

Tengrinews.kz тілшісі суреттегі Ғалым Накеевпен байланысқа шыға алды. Оның айтуынша, ол Талдықорғандағы орталық базарда 17 жасынан бері жүк тиеуші болып жұмыс істеп келеді.

"Сол күні мен 250 келі қапты көтердім, жай тексергім келді - көтере алам ба, жоқ па. Өзімнің салмағым - 65 келі. Жігіттердің бірі сол сәтте мені суретке түсіріп, суретті Интернетке жүктеген. Қаламыз кішкентай, сондықтан мені көшеде барлығы танып жатыр, базардағылардың барлығы мені біледі", - деп күледі Ғалым Накеев.


© Facebook


Ғалым Накеев © Tengrinews.kz

Сонымен қатар, ер адам осыған дейін еркін күреспен айналысқанын айтып өтті. Бірақ спорттан кетуіне тура келіпті, себебі отбасына көмек көрсету керек болған.  "Жас кезімде спортпен айналыстым, еркін күреске қатыстым. Қазір спортпен айналыспаймын. Жасым 41-де, отбасым бар, төрт балам бар - үш қыз бен бір ұл бала. Жұмысым өзіме ұнайды, жалақым да жаман емес, шағымым жоқ. Денсаулығым да сыр берген емес, барлығы жақсы ", - деді Ғалым Накеев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети