18 қыркүйек 2018 | 09:04

"Алмадан жасалған палау" мен хинкали. Алма қосылған тағамдардың үздік мәзірі

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Андрей Зайцев © Андрей Зайцев

16 қыркүйекте, жексенбіде Алматы қаласының 1002 жылдығын тойлау аясында қала мейрамханалары арасында өткен "Үздік алма мәзірі" байқауының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

16 қыркүйекте, жексенбіде Алматы қаласының 1002 жылдығын тойлау аясында қала мейрамханалары арасында өткен "Үздік алма мәзірі" байқауының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала күніне орай негізгі шаралар Тұңғыш Президент саябағында өтті Мұнда аспаздар байқауының қорытындысы шығарылды. Жеті номинация бойынша грамота мен сыйлықтар берілді. Төрт номинация нәтижесі бұрыннан белгілі еді, ал тағы үшеуі байқауға қатысушылар үшін жағымды тосынсый болды.

"Үздік алма мәзірі" номинациясының жеңімпазы Baursak city мейрамханасы болды. Шеф-аспаз Евгений Скрименский басты номинацияда мейрамханаға жеңіс әкелген тағамдар мен оларды әзірлеу құпияларын бөлісті.

"Қызыл алма" салаты. Сақина тәрізді кесілген алманы майда қуырып, піскен қызылшамен толтырады және ол дижон қышасы мен майлы кілегей, аздап тұздалған арқан балық пен каперстен жасалған соуспен беріледі.

"Жалқы етінен жасалған стейк". Ет су-вид технологиясы бойынша әзірленеді. Оның астына алма сальсасы (алмадан жасалған езбе) қойылады және асқабақ соусымен беріледі.

Алмадан жасалған бәліш. Алма жұқа тілік қылып кесіліп, кофе кремі және кешью жаңғағы мен бадамнан тұратын "печеньемен" пісіріледі.

"Үздік алмадан жасалған салат" номинациясында "Абай" мейрамханасы жеңімпаз атанды. Оның шеф-аспазы Александр Суворов рукола мен су-вид алмасымен жасалатын салат мәзірін егжей-тегжейлі сипаттап берді.

Бір порция салатқа қажет өнімдер: 25 грамм руколо, 20 грамм қақталған томат, су-вид технологиясы бойынша жасалған дәм қабық және даршын таяқшалары бар 120 грамм алма, қара трюфельмен бірге 15 грамм пекарино ірімшігі, 100 миллилитр жаңа сығылған алма сусыны, 40 грамм бал, 5 грамм зімбір тамыры.

Салатты жасау үшін алдымен руколоны жуып, кептіру керек. Алма, даршын, дәм қабық таяқшалары вакум ыдысқа салынып, 20 минут бойы 80 градус температурада дайындалады, кейін суық суда салқындатылады. Сығылған алма сусынына зімбір тамыры қосылады, ол 20-25 минут температурада суда қайнатып, кейін бал қосып соус күйіне жеткенше қайнатады, ал кейін салқындатылады. Алма, руколо, қақталған қызанаққа соус құйып, үстіне жіңішке қылып пекарино ірімшігін үгітеді.

Жартылай финалда "Үздік алмадан жасалған сусын" мәзірін GATO мейрамханасының бармендері Марат пен Бахтияр айтып берген: "Алкогольсіз нәрлі сусын - жаңа сығылған жеміс пен жаңғақ, ваниль, даршыннан (...) тұрады. Оның 80 пайыз дәмі - иісі".

"Алмадан жасалған үздік десерт" номинациясын Social group жеңді.

"Алаша" мейрамханасының үстел жабдықтауы "Үздік әрлеу" номинациясында жеңімпаз атанды.

Алмадан жасалған палаудың рецепті: "Ет нухатпен бірге қуырылады және алмамен бұқтырылып піседі. Тәтті күріш бөлек әзірленеді: күріш сәбізбен қуырылып, кейін құрғақ өрік, мейіз, жаңғақпен бұқтырылады. Күріш бір сағат, ет 1,5 сағат піседі. Тағамға алғашқы болып күріш, содан кейін ет, алма және бұрыш шығарылады.

Көрермен көзайымы жүлдесін Presso кафесі жеңді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша "Үздік ұсыну" номинациясын "Дареджани" мейрамханасы алды.

"Әрқайсымыз таңғалдыруға тырыстық. Біз тағамда дәм үйлесімі, жақсы қызмет көрсету мен бір қарағанда өзара келіспейтін компоненттерді қолдандық. Қаланың басты белгісі - Алматы апорты. Ол дәмді әрі пайдалы тағамдар", - деді әділ қазылар алқасының мүшесі, қоғам қайраткері Гүлнар Қатыбаева.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің ұйымдастырған байқауының мақсаты - Алматы апортымен жасалған тағамдардың таралуы. Мейрамханалар бұл позицияны негізгі ас мәзіріне қосамыз деп уәде берді. Байқауға 50 мекеме қатысты, оның 12-сі жартылай финалға өтті. Қазылар алқасы конкурсқа арнайы ойлап табылған тағамдарды екі кезең бойынша бағалады: келбеті мен жабдықталуы, сондай-ақ тағамың дәмі. Мейрамхана байқауының қорытындысы Қала күніне орай өткізілген 100 шараның бірі болды.

Мақала авторы Ольга Пастухова

Қазақ тіліне аударған Камила Долаева

Суреттер: Андрей Зайцев

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети