Алматы көшесінде есек мінген жігіттің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшесінде есек мінген жігіттің видеосы пайда болды видеодан үзінді

Желіде Алматының Тимирязев көшесінде есек мінген жігіттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматының Тимирязев көшесінде есек мінген жігіттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео kris_p_almaty паблигінде жарияланды. Автокөлік нөмірін арқасына жабыстырып, есек мінген жігіт кептеліс кезінде Тимирязев көшесімен жүріп өткен. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Біреулері Тимирязев көшесімен қауырт кезде тек осылай жүру керектігін айтса, екіншілері негатив пікір жазып, алматылық "Қожа Насыр" немесе "Шурикбек жол ережесін" бұзды деп жазды.

Өз кезегінде, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, есек мінген ер адам жол ережесін бұзған. Полицейлердің айтуынша, қалада бұлай жүруге тыйым салынбаған, алайда жол ережесін бұзуға болмайтынын айтады. 

"Жігіттің Тимирязев көшесінде есек мініп жүру әрекетінде құқық бұзу дерегі бар. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы ("Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы") бойынша шара қолданылады. Ат немесе есекпен тек жолдың шетімен жүруі тиіс, ал ол болса сол жақ бетімен де автобустарға арналған жолақпен де жүріп өткен. Жергілікті полиция қызметі тексеру шараларын бастады", - дейді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазіргі уақытта ер адам іздестіріліп жатыр. Оған екі АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети