Алматыда белгілі журналист қайтыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгілі журналист қайтыс болды Сергей Борисов. Сурет: Анатолий Устиненко/facebook.com

Белгілі қазақстандық журналист Сергей Борисов Алматыда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі қазақстандық журналист Сергей Борисов Алматыда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы оның қызы Дарья хабарлады. Сонымен қатар, Сергей Борисовтың қазасын фототілші Анатолий Устиненко Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ол журналист ұзақ уақыт бойы ауырғанын айтты. 

"Кеше кешке ауыр және ұзақ науқастанған белгілі қазақстандық журналист Сергей Алексеевич Борисов көз жұмды. Ол қиын және қызықты өмір кешті. Ол Солтүстік флотта қызмет атқарғаннан кейін қазақстандық Магнитканың құрылысына келді. Монтаж жұмысын істеді. Онда алған әсерлерін өлеңдер мен проза арқылы сипаттауға тырысатын. Сол кездегі мерзімді басылымдарда жариялана бастаған. Кейін оның қабілетін байқап, қазіргі уақыттағы үлкен, таралымы 300 мың дана "Ленинская смена" жастар газетінде жұмысқа шақырады.

Оны әріптестерін ел шежіресі деп атаған. Оның Байқоңыр, БАМ, Курчатов туралы туралы мақала, хат-хабар, кітаптары оқырмандардың қызығушылығын тудырған. "Ленинская смена" гезетінен кейін бүкілодақтық газеттердің меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. Зейнетке шыққаннан кейін де қазақстандық басылымдарда, кітаптарда жариялануын жалғастырды. Тамаша қыз бен ұлдарын тәрбиелеп өсірді", - деп жазды Анатолий Устиненко.

Қазақстанның Құрметті журналисімен қоштасу ертең, 13 тамызда сағат 10.00-де Алматы қаласы, Дәуренбеков көшесі, 26 мекен-жайында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети