Алматыда бір әйел мысығын тудыру үшін жедел жәрдем шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір әйел мысығын тудыру үшін жедел жәрдем шақырды © reddit.com

Алматыда бір әйел мысығын тудыру үшін жедел жәрдем шақырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Бұл туралы тілшілерге дәрігерлер мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір әйел мысығын тудыру үшін жедел жәрдем шақырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Бұл туралы тілшілерге дәрігерлер мәлімдеді.

Алматыда аптап ыстықтан жедел жәрдемге хабарласушылардың саны күрт артқан. Дәрігерлердің айтуынша, күніне орта есеппен 2 мыңға жуық тұрғын хабарласып, денсаулықтарының сыр бергенін айтады. Көп жағдайда басы ауырып, ішкі құрылысы дұрыс жұмыс істемей, қан қысымы көтерілетін тұрғындар дәрігерлердің көмегіне жиі жүгінеді. Ал кейбірі оларды жөнсіз шақыртатын көрінеді.

"Осыдан бір апта бұрын бір әйел хабарласып, толғатып жатқанын хабарлаған болатын. Біздің бригада барса, ол кісінің мысығы туайын деп жатыр екен. Сол кісіге арыз жазған болатынбыз", - дейді №6 медициналық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Александр Лазарев.

Дәрігерлер мұндай ыстық күнде әр адам кемінде 2,2 литр су ішу керегін айтады. Тыста жүргенде міндетті түрде бас киім киіп, қолшатыр алған жөн. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети