Алматыда блогер көшеде қарттарға ақша мен азық-түлік таратып жүр

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда блогер көшеде қарттарға ақша мен азық-түлік таратып жүр © youtube/Благородный

YouTube хостингіндегі Благородный арнасының авторы көмекке мұқтаж қарттар мен көпбалалы отбасыларға ақша таратады, азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе басқа да тауарлар сатып алып береді. Сондай-ақ, ол көшеде сауда жасап тұратын әжелердің өнімін сатып алады, қарттар үйіне де барады.

Видеоға қарағанда, Станислав есімді ер адам қайырымдылығы үшін орнына ештеңе сұрамайды. Роликтердің көбі  Алматыда түсірілген. Ал зейнеткерлер сыйлық берген кезде көз жасын тыя алмай жатады. 

Блогердің айтуынша, игі істерге ол негізінен өз ақшасын жұмсайды. 350 мыңнан аса көрермені бар арна аз пайда әкеледі екен. Қанша екенін блогер жеке видеода айтып береді. 

"Арна адамдарға көмек көрсету үшін құрылған. Мен мұндаймен бұрыннан айналысамын, бірақ оны видеоға түсірмедім. Үш балам бар. Ұрпақтарым әкесінен үлгі алсын деймін. Сондай-ақ, әлемде жақсылық бар дегенді сөзбен емес, іспен дәлелдегім келеді", - дейді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети