Алматыда Қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді © Tengrinews.kz

Алматы күніне орай 50-ге жуық мерекелік шара өтеді. Биыл мерекенің өткізілу ауқымы кеңейді. Қала тұрғындары мен қонақтарын театр қойылымдары, әдеби, музыкалық және спорттық шаралар күтіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Мерекені 25-27 тамыз күндері Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында "Оркестрлер шеруі" ресми түрде ашады. Одан кейін Artbat Fest заманауи мәдениет фестивалі басталады. Ерекше шаралардың ішінде "Қарбыз фестивалі" де бар. Ол 29 тамызда Қазақ ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында өтеді. Алматы метросында түрлі концерттер болады, сонымен қатар Apple Qest өтеді. Бұл шараға қатысушылар кілттер арқылы Алматы мұражайы, метро станциялары мен саябақтардан, театрлардан жауап іздейді.

Жыл сайын өткізілетін шаралар қатарында "Алматы жүрегіме" ән фестивалі де бар. Мерекеге орай "Алтын қалам" әдебиет фестивалі, "Gakku Дауысы", ЕМА-2015 музыкалық фестивальдері, "Еуразия" кинофестивалі мен қуыршақтар карнавалы болады.

Алматының туған күніне орай өтетін іс-шаралардың толық тізімімен мына жерден таныса аласыздар.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети