Алматыда жігіттер кептеліс кезінде жол бойында би биледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жігіттер кептеліс кезінде жол бойында би биледі © yvision.kz

Желіде кептеліс кезінде екі жігіттің көліктен шығып, жолдың бойында билей бастағаны түсірілген видео пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде кептеліс кезінде екі жігіттің көліктен шығып, жолдың бойында билей бастағаны түсірілген видео пайда болды.

Видеоролик Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында "Кептелісте сергіп қалдық" деген атаумен жарияланған. Көліктің мемлекеттік нөміріне қарағанда, бұл видео Алматыда түсірілген.

Hummer маркалы көліктен атып шыққан жігіттерді сол уақытта олар сияқты кептелісте тұрған жүргізушілердің бірі видеоға түсірген екен. 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары жігіттердің бұл қылығына түрлі пікірлер білдірді. Дегенмен қолданушылардың көбінің айтуынша, жол бойында билеген жігіттер көлік қозғалысына еш кедергі келтірмеген. Бірақ кейбір қолданушылар олардың кептеліс кезіндегі әрекетін сынға алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети