Алматы әуежайының қызметкерлері содырлар қалай шабуылдағанын айтып берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1106 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы халықаралық әуежайында қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Аумақты әлі де әскери бөлімшелер күзетеді, кіреберіске арнайы техникалар қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы халықаралық әуежайында қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Аумақты әлі де әскери бөлімшелер күзетеді, кіреберіске арнайы техникалар қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, екі апта бұрын қарулы лаңкестер мен қарақшылар Алматы әуежайы терминалын басып алып, қиратты. Олар банкоматтарды, сауда орындары мен кассаларды тонап, сонымен қатар қымбат көліктерді өртеп, ғимараттан жиһаздар мен жабдықтарды алып шыққан.

Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, ғимаратқа шабуыл 5 қаңтарда кешкі сағат сегіздер шамасында басталған. Қарулы топты алғашқылардың бірі болып Кеңес Нұрамбеков байқаған. Сол күні ол рейдке бірнеше сағат қалғанда ауысымын қабылдаған екен. Радио арқылы ер адам жағдайды дереу қауіпсіздік қызметіне хабарлаған.

"Олардың қолында алыстан қарағанда таяқтар немесе темір, сонымен қатар полиция қалқандары болды. Ал бастарында арнайы жасақ каскалары болды, оны сөзсіз анық көрдім. Олар сонда 10-15 минуттай жиналды. Олармен байланыс орнату мүмкін емес еді", - деп еске алады Алматы халықаралық әуежайы терминалының ауысым бастығы Кеңес Нұрамбеков.

Шабуыл кезінде бірнеше ұшақ ұшуға дайындалып жатқан, оның ішінде 200-ден астам адам болған. Лайнерлерді бірден қауіпсіз жерге сүйреп апарған. Ал диспетчерлер Алматы әуежайына қонуға келе жатқан барлық рейсті кері қайтара бастаған.

"Ұшқыштар бірден балама аэродромға қону туралы шешім қабылдады. Әлі қонбағандары. Менің қасымда әріптестерім болды, бірақ жұмысқа қайта оралғанда жалғыз қалдым. Кейін мені қорғау үшін автоматтары бар екі полиция қызметкерін тағайындады. Сонда қорқыныш сейілді", - деді "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ жедел басқару орталығының диспетчері Аида Қасымбаева.

Осы уақытта терминалда нағыз дүрбелең басталған. Жолаушылар жүктерін тастап, шығуға қарай жүгірген.  Шарасыз адамдар тіке ұшып-қону жолағына қарай шығып кеткен. Онда оларды әуежай қызметкерлері жинап алып, автобуспен бос ангарларға апарды.

"Терминалда болғандарды эвакуацияладық, шамамен 800-900 адам болды. Қолымызда бар көліктер, барлығы жұмылдырылды. Тіпті шағын жүк тасығыштармен де эвакуацияладық. Жастар бізге қарай жүгірді - мен мұндай көздерді бірінші рет көрдім. Олар қанды, көздері қызарған. Шынымды айтсам, аздап қорқынышты болды", - деп мойындады "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ ауысым бастығы Фархат Сәбитов.

10 сағатқа жуық жолаушылар мен әуежай қызметкерлері қарақшылардан жасырынған. Тек таңертең олардың соңынан әскерилер келіп, жағдайды бақылауға алып, терминалды лаңкестерден босатқан. Қақтығыс салдарынан жолаушылар мен қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Негізгі соққы терминалға түскен. Бірақ шабуыл кезінде қымбат жабдықтар мен аэронавигациялық жүйелер зақымданбаған. Сондай-ақ әуежай қызметкерлері бірде-бір әуе лайнерінің ұрланбағанын немесе зақымданбағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю