Алматы облысында студенттер сабаннан тұрғызған тиіннің мүсіні құлатылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматы облысында студенттер сабаннан тұрғызған тиіннің мүсіні құлатылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, мамандар тиіннің күннің астында тұра берген соң күйіп, өңі өзгере бастағанын айтқан. Кейіннен сабандары түсіп, алқам-салқамы шыққан. Сондай-ақ, телеарнадағылар конструкцияға бірде-бір теңге жұмсалмағанын айтады.
Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын елімізде тағы бір алып тиіннің жасалғаны хабарланған болатын. Оны Алматы обылысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының студенттері жасаған еді.