Алматы полициясы лаңкестердің қару-жарақты иемденуіне жол бермей қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1240 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ален Асылханов, Ринат Қамбетов. Ален Асылханов, Ринат Қамбетов.

Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктер кезінде өз өмірін қауіпке тігіп, шабуыл жасағандардың қаруды иемденуіне жол бермей, қаза болған полицейлер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктер кезінде өз өмірін қауіпке тігіп, шабуыл жасағандардың қаруды иемденуіне жол бермей, қаза болған полицейлер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 5 қаңтарда атыс қаруы, граната және жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкелермен қаруланған бір топ адам Алматы қаласының Алмалы облысы бойынша полиция басқармасына шабуыл жасаған. Шабуылшылар ғимаратты басып алып, кезекші бөлімнің қару-жарақ бөлмесінде орналасқан қаруды иемденуді көздеген.

"Шабуылға тойтарыс беру үшін полиция қызметкерлерінің шағын тобы шықты: бұл уақытта тәртіп сақшыларының көпшілігі алаңдарда болды және қала көшелерінде қызмет атқарды. Әкімшілік ғимаратты қорғай отырып, тәртіп сақшылары әуеге ескерту оқтарын атты, бірақ шабуылдаушылар әрекет етпей, шабуылды жалғастырды", - деді ІІМ өкілі.

Атыс кезінде полицияның материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобы болған аға сержант 28 жастағы Ален Асылханов пен старшина 33 жастағы Ринат Қамбетов қаза тапты.

"Олар ерлікпен әріптестерін құтқарып, қаскүнемдердің қаруды иемденуіне жол бермеді, өз өмірлерін қиып, полиция бөлімін бермеді", - деді ІІМ өкілі.

Сержант Ален Асылханов 1993 жылы 15 наурызда дүниеге келген. Орта білім алған, 2002 жылы Үшқоңыр колледжін су шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдан бері органдарда қызмет етті. 2020 жылы Асылхановтың ұлы дүниеге келген.

Старшина Ринат Қамбетов 1988 жылы 2 тамызда дүниеге келген. 2018 жылдан бері лауазымда, 2010 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет етті. Қамбетовтің екі баласы бар - 2017 және 2021 жылы туған.

9 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ мүдделерді қорғаудағы ерен еңбегі үшін Алена Мұхитұлы Асылханов пен Ринат Талғатұлы Қамбетовті қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
14°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю