Алматы зообағында түйе төлдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зообақ директоры міндетін атқарушы Айгүл Төлеева Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Алматы зообағында түйе төлдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зообақ директоры міндетін атқарушы Айгүл Төлеева Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"Ақпанның 7-нен 8-не қараған түні біздің бір өркешті түйе боталап, оған Ая деген ат қойдық. Төлдің жағдайы жақсы. Бірнеше күн бойы ол ашық вольерде жүр, өз территориясын меңгеріп, кербұғылар мен Рокки есімді бұланмен танысты. Сол себепті алматылықтар, ботаның қалай жетіліп жатқанын көруге мүмкіндік бар", - деп жазды ол.
2018 жылы жазда зообақта фламингоның балапаны жұмыртқасын жарып шықты. Мекеме директорының кеңесшісі Ержан Еркінбаев бұл зообақ тарихында бірінші рет болған жағдай екенін айтты. Айгүл Төлееваның айтуынша, 2010 жылы Кубадан ұшып келкен фламинго бірінші рет балапан басқанын айтты.